«Барыс» ҚХЛ көшбасшыларына қарсы матчтарға өз құрамын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында сырт алаңдағы матчтарға қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алдағы сапарда команда төрт матч өткізеді, оның үшеуінде ҚХЛ көшбасшыларымен ойнайды. Атап айтқанда, Металлург Шығыс конференциясында төртінші орында келе жатса, ЦСКА мен СКА Батыс конференциясының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.

22 қаңтар (сейсенбі), Магнитогорск. Металлург - Барыс, 20:00.

24 қаңтар (бейсенбі), Санкт-Петербург. СКА - Барыс, 22:30.

26 қаңтар (сенбі), Мәскеу. ЦСКА - Барыс, 20:00.

29 қаңтар (сейсенбі), Новосибирск. Сібір - Барыс, 18:30.

Астана уақыты көрсетілген. Ойынды тікелей эфирден Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Вилен Прокофьев.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Виктор Сведберг, Максим Семёнов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Брэндон Боченски, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Патрис Кормье, Никита Михайлис, Андре Петерссон, Егор Петухов, Кирилл Панюков, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.

Соңғы жаңалықтар