+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Барыс» ҚХЛ-ға қатыса ма – Лига басшысы жауап берді

2020 жылғы 13 шілде 23:48
Бөлісіңіз:
«Барыс» ҚХЛ-ға қатыса ма – Лига басшысы жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіне қатысудан бас тартқан жоқ. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасының басшысы Алексей Морозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтында ҚХЛ президенті А.Морозовпен сұхбат жарияланды. Онда Лига басшысы чемпионатқа дайындық жұмыстарына қатысты ең өзекті сұрақтарға жауап береді.

Сондай-ақ оған: «Қазақстанда пандемияның екінші толқыны басталды. «Барыстың» чемпионатқа қатыса алмай қалу ықтималдығы бар ма?», - деген сұрақ қойылды.

А.Морозовтың айтуынша, Қазақстанда жағдай күрделі болғанымен, клуб чемпионатқа қатысудан бас тартпаған.

«Біз ҚХЛ ойындарына қатысатын командалар орналасқан елдердегі эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отырмыз. Рас, Қазақстандағы жағдай күрделі. Дегенмен, «Барыс» чемпионатқа қатысудан бас тартқан жоқ. Жарыстың басталуына бір айдан астам уақыт қалды. Оған дейін Қазақстан коронавирустың екінші толқынын жеңе алады деп ойлаймын. Мүмкін клуб маусым алдындағы дайындық жоспарына өзгеріс енгізуге мәжбүр болар. Мәселен, алғашқы жиын уақытын кейінгі қалдырар. Не дегенмен, «Барыс» маусымаралық негізгі шараларға қатысудан бас тартпайды. Бұл, «Қазақстан Президенті кубогы» дәстүрлі турниріне де қатысты», - деді лига басшысы.

Бұдан бұрын хоккейден Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталатыны хабарланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT