«Барыс» ҚХЛ-да голдар саны бойынша жеке рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Астананың «Барыс» клубы соғылған голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Sports.kz.

Биылғы маусымда қазақстандық команданың хоккейшілері қарсыластар қақпасына 190 шайба соқты. Бұл - лигадағы бесінші көрсеткіш және «Барыстың» абсолютті рекорды. Бұған дейінгі үздік нәтиже 182 гол болған еді. Оған 2013/14 жылғы маусымда қол жеткізген болатын. Сондай-ақ 2012/13 маусымдағы 175 шайба көрсеткіші де үздік үштікке кіріп отыр.

Еске сала кетейік, 2018/19 жылғы маусымның тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша «Барыс» лигада бесінші, ал Шығыс конференциясында екінші орынға ие болды. Плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында астаналықтар Нижний Новгородтың «Торпедо» командасымен мұз айдынға шығады. Айта кетейік, «Торпедо» Шығыста жетінші орынды қанағат тұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар