«Барыс» хоккей клубының капитаны Абайдың әнін қазақша шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубының капитаны әрі қорғаушысы Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хоккейшінің қазақы шапан киіп, шырқаған әнінің видеосы «Барыстың» кешегі «Металлургпен» плей-офф матчы кезінде көрсетілді. Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақша орындап берді.

Видеожазба «Барыс» хоккей клубы жанкүйерлерінің Instagram парақшасында жарияланды.


Еске сала кетсек, ұлы ақынның өлеңдерін оқуға арналған #Abai175 эстафетасын алғаш рет 9 жасар мектеп оқушысы бастап, Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Одан кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған еді.

Сонымен қатар, челленджді «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.



Соңғы жаңалықтар