«Барыс» хоккей клубының экс-капитаны АҚШ-та қала мэрі қызметіне кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының және Қазақстан құрама командасының бұрынғы капитаны Брендон Боченски АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатындағы Гранд-Форкс қаласының мэрі қызметіне кірісті. Бұл жөнінде sports.kz порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Таяуда қалалық кеңестің ғимаратында салтанатты рәсім өтіп, жаңа мэр халық алдында ант берді.

«Мен, Брэндон Боченски, АҚШ Конституциясын және Солтүстік Дакота штатының Конституциясын ұстанамын деп салтанатты түрде ант етемін. Өз мүмкіндігіме қарай және құдайдың көмегімен 24 маусымнан бастап Гранд-Форкс қаласының мэрі қызметін абыроймен атқаруға кірісемін» деді ол шара барысында.

Жұмысына кіріскен соң арада жарты сағат өткенде Брэндон Боченски өзінің бірінші қаулысын шығарды. Ол бірнеше айдан бері алғаш рет қалалық мэрия, полиция, өрт сөндіру бөлімі мен басқа да қоғамдық нысандарды ашуды бұйырды.




Соңғы жаңалықтар