+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

2020 жылғы 17 қыркүйек 14:45
Бөлісіңіз:
«Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды. Осыған байланысты хоккей клубы алдағы кездесулерін кейінге шегеруге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: «Астана» мен «Шахтер» тең түсті Ришат Хайбуллин Чехия чемпионатында үздік үштікке енді Теннис: Рыбакина мен Зарина Дияс Франциядағы Страсбург турнирінде ойнайды

«Барыс» командасының қатысуымен КХЛ-дың тұрақты чемпионатының алты матчы өтуі керек еді. Атап айтқанда қазақстандық команда ригалық «Динамомен» 18 қыркүйек күні, «Северсталь» командасымен 20 қыркүйекте, «Металлург» командасымен 22 қыркүйекте, «Куньлунь» командасымен 21 қыркүйекте, «Витязь» командасымен 29 қыркүйекте, «Сочи» командасымен 1 қазанда кездесуі керек болған. Бұл ойындардың бәрі де кейінге шегерілді», - деп хабарлайды спорт клубының ресми сайты.

Хабарланып отырғандай, «Барыс» командасы мен жаттықтырушылар штабының 12 мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталған. Осыған байланысты бүкіл команда екі апталық карантиннен өтуі керек.

КХЛ матчтарының қай күнге шегерілгені туралы алдағы уақытта қосымша хабарланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT