«Барыс» хоккей клубы бүгін Ресейде «Автомобилистпен» ойнайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 52 мәрте кездесті. Оның 34-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз ойыннан кейін 26 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді.

Ал жиырма тоғыз ойыннан кейін 40 ұпай жинаған «Автомобилист» 4-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті.


Фото: hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар