«Барыс» ХК жаңа маусымын Алматыда бастайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» хоккей клубы Алматыда жаңа маусымын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Команда Алматыға 10 қыркүйекте барады. Ойындар «Алматы арена» спорт сарайында болады. Бұл сарайға 12 000 көрермен сыяды.

Астаналық хоккейшілер кіммен ойнайтыны әзірге белгісіз.

Ресми сайтында мәлім болғандай, ҚХЛ-дың алғашқы үш матчы Алматыда өтеді.

«Алматыда ҚХЛ екінші клубын ашу жоспарда бар. Ол үшін барлық инфрақұрылым бар. Барыстың осы ойыны қалай аяқталары белгісіз. Алайда, бүгіннің өзінде Алматы ҚХЛ шекарасын үлкейтуде басты кандидат боп тұрғаны рас», - делінген ресми жауапта.

Айта кету керек, «Барыс» өткен маусымда плей-оффтың екінші кезеңіне дейін жетіп, Омбының «Авангард» командасына 1:4 есебімен есе жіберіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар