Барыс ХК, Рахманинов, Анна Каренина - Астанада өтетін апталық шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігі 14-20 қаңтар аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралар жоспарын ұсынады.

14 - 20 қаңтар күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Рүстем Беркімбаевтың «Үміт жолы» көркем сурет көрмесі және «Менің елім - Мәңгілік ел» атты Астана қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі өтеді.

Ал 31 қаңтарға дейін Тәуелсіздік сарайында «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесін, «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесін және «Антиквариат» көрмесін тамашалауға болады.

14 қаңтардан 10 ақпанға дейін Қалалық алаң, «Хан Шатыр» ОСО аумағы, Ботаникалық бақта (сағат 13:00 - 20:00 аралығында) - «Astana Winter Land» фестивалі аясындағы қысқы шаралар циклі өтеді.

14-15 қаңтар күндері сағат 19:30-да «Сарыарқа» велотрегінде «Астана Барысы» мен Атырау командалары арасында баскетболдан 2018-2019 маусымдағы Ұлттық ҚР чемпионаты өтеді.

15 қаңтар күні 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварцтың «Күлше қыз» ертегісі қойылады.

Сағат 19:30-да «Барыс-Арена» кешенінде «Барыс» ХК-«Спартак» ХК арасында хоккейден 2018-2019 маусымдағы КХЛ Чемпионаты басталады.

16 қаңтар күні 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы қойылады.

17-19 қаңтар аралығында сағат 9:00-де «Алатау» спорт кешенінде садақ атудан ашық қалалық жарыс өтеді.

17-18 қаңтар күндері 11:00-де «Алау» мұз айдынында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында коньки тебу спортынан ҚР Чемпионаты (спринт) өтеді.

17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында У. Шекспирдің «Отелло» драмасы басталады.

Сағат 19:30-да «Барыс-Арена» кешенінде «Барыс» ХК- «Салават Юлаев» ХК арасында хоккейден 2018-2019 маусымдағы КХЛ Чемпионаты басталады.

18-19 қаңтар күндері таңғы 8:30-да «Хан Шатыр» ОСО артындағы су қоймасында ралли-спринт спорты бойынша «Самұрық-2019» ҚР Кубогының 1-кезеңі өтеді.

18 қаңтарда сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

Сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ камералық залында «С. Рахманиновтің музыка кеші» атты концерті «FORTE-TRIO» шақырады.

19-20 қаңтар күндері сағат 9:00-де «Дәулет» спорт кешенінде теннистен балалар турнирі өтеді.

Бұл күндері сағат 10:00-де «Барыс» СК 2003-2004 жылғылар арасындағы Орал, Сібір және Приволжье Федералдық округ біріншілігі өтеді.

Сонымен бірге, 19-20 қаңтарда сағат 12:00, 14:00, 16:00-де Қуыршақтар театры Р. Киплингтің «Маугли» шығармасының желісімен Т. Хасанғалиеваның «Ана құдыреті» ертегісін қояды.

19 қаңтар күні сағат 18:00-де «Астана» концерт залында «Құрманғазы» концерттік қойылымы өтеді.

Бейбітшілік және Келісім сарайында 18.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Л.Толстойдың «Анна Каренина» драмасын ұсынады.

Сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы көрсетіледі.

20 қаңтар күні сағат 15:00-де Жастар сарайында Жапонияның мәдениет күніне арналған фестиваль басталады.

Сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» драмасы қойылады.


Фото: www.hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар