«БАРЫС GENERATION»: Қазақстанда хоккей туралы жаңа сериал жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасында отандық хоккей спорты туралы алғашқы «Барыс GENERATION» мотивациялық сериалы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа тележоба күн сайын сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Телетуындының 15 бөлімінде көрермендер хоккей әлемімен танысып, командаға жанкүйер бола алады.

«Хабар» агенттігі спортты әрдайым қолдап келеді. Біздің телеарнада спорт әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың трансляциясын өткізу дәстүрге айналған. Қызметкерлеріміз арасында да спорттық мәдениет қалыптастыруға көп көңіл бөлеміз. Желтоқсан айында көрермендерге қазақстандық хоккейдің жетістіктері мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған жаңа телехикая жол тартады. Бұл жоба отандық спортқа қызығушылықты арттырып, біздің хоккей командамыздың имиджін нығайтатынына сенімдімін», - деді «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.

Телехикая сюжеті бойынша жастар хоккей лигасынан шығып кетейін деп тұрған жас клубтың бас жаттықтырушысы ретінде ҚХЛ ойыншысы Бауыржан Есмұратов тағайындалады. Ол команданы біріктіріп, жеңіске жеткізуі тиіс.

Сериалға Ғазрет Ержанов, Ғани Құлжанов, Дарина Менисова, Әлішер Исмаилов сынды актерлер түскен. Түсірілімге дайындық аясында актерлер үш ай бойы «Барыс» хоккей клубының жаттықтырушыларының бақылауында арнайы оқудан өткен.

Соңғы жаңалықтар