«Барыс» елордада «Трактор» командасын жеңіп кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кезеңде қазақстандық команданың басымдығы байқалып тұрды.

Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Борисевич 8, Никита Михайлис 10-минуттарда мергендік танытты.

Оған ресейлік клубтан Роб Хэмилтон 14-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезең тартысты басталды. Қос команда шабуылға көбірек көңіл бөлді.

Осындай сәттердің бірінде «Барыс» сапынан Алекс Грант 38, 39-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Үшінші кезеңде алғашқы минуттарда ресейлік команда ойыншылары белсенділігін арттырды.

Нәтижесінде 44-минутта Михаил Котляревский, 59-минутта Никита Сошников гол соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 29 қаңтарда елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберген еді.


Соңғы жаңалықтар