«Барыс» Челябінің «Тракторынан» ойсырай жеңіліп қайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Челябіде өткен матчта «Трактордың» қақпасынан саңылау таба алмай, жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» сайты.

«Тракторға» қарсы Челябідегі матч Кевин Даллмэн үшін ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаттарындағы 500-ші кездесу болды. Елордалық ұжым кездесу басында-ақ шабуылға лап қойып, бір шайба алу мүмкіндігіне ие болды, бірақ шайба қақпаға түспеді. Айдын иелері бұған жауап ретінде жылдам қауіпті шабуыл ұйымдастырып, Карлссонның қақпасына күшті соққы бағыттады.

«Барыс» сапында солтүстікамерикалық тандем әдеттегідей ерекше көзге түсті. Вей қиған паспен Доусты шайбамен қамтамасыз етті, өкінішке қарай Найджел қақпаға дәл соққы бағыттай алмады. Ақырындап командалар ойын қарқынын бәсеңдетіп, қорғанысқа көбірек көңіл бөле бастады.

Екінші кезең кездесудің нәтижесі үшін шешуші болды. Челябіліктер сапында Вишневскийдің күшті соққысынан кейін Черников шайбаны қақпаға бағыттады, Карлссон оны қайтара алмады, есеп - 1:0. Алдымен Маркелов пен Шалаповқа, артынша Антон Сағадеев қауіпті ойнағаны оған айып минуттары белгіленді. Сан жағынан басымдыққа ие болған айдын иелері есепті еселеді. Бұл жолы Бэйлен Карлссон қақпасының «тоғыздығын» дәл көздеді.

Үшінші кезеңде челябіліктер үшінші шайбаны да соқты. Осыдан кейін астаналықтардың қақпашысы Карлссонның орнына Кудрявцев шықты. Ол бірнеше рет қауіпті соққыларды қайтарып жүрді, алайда сан жағынан басым болып тұрғанда Щехура мен Бэйлен комбинация ұйымдастырып, Виделльдің ашық кеңістікте шайбамен еркін қимылдауына жағдай жасады. Виделль бұл жолы қақпашы Сергей Кудрявцевтен айласын асырды - 4:0. Үшінші кезеңде сүреңсіз ойын көрсеткен «Барыс» осылайша қарсыластар қақпасына шайба соға алмай қайтты.

«Трактор» (Челябі) - «Барыс» (Астана) 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

Шайбалар:

1:0 - Черников (Никитин, Вишневский), 24:05

2:0 - Бэйлен (Гюнге, Виделль), 35:05 ГБ

3:0 - Щехура (Бэйлен), 41:35

4:0 - Виделль (Щехура, Бэйлен), 56:11 ГБ

Қақпашылар: Францоуз - Карлссон (41:35 - Кудрявцев)

Соңғы жаңалықтар