«Барыс» бүгін Ресейде мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 3 ақпанда елорда уақытымен 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездесті. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде алпыс ойыннан кейін 57 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.

Ал елу сегіз ойыннан кейін 75 ұпай жинаған «Динамо» 5-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасынан жеңілді.


Соңғы жаңалықтар