«Барыс» бүгін Ресейде «Ак Барс» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 1 ақпанда елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 47 мәрте кездесті. Оның 11-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу тоғыз ойыннан кейін 57 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал елу жеті ойыннан кейін 73 ұпай жинаған «Ак Барс» 8-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ресейлік «Динамодан» жеңіліп қалған еді.


Соңғы жаңалықтар