«Барыс» базарындағы өртті сөндіруге 27 техника жұмылдырылды - ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Барыс-4» базарының контейнерлеріндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, ТЖД баспасөз қызметі бүгін таңғы сағат 4:31-де 101 пультіне Алмалы ауданы Райымбек батыр көшесі 212в мекен жайында өрт шыққаны туралы хабарлаған болатын .

ТЖД баспасөз қызметі өкілі Сандуғаш Баймухамбетованың айтуынша,  өрт сөндірушілер барғанда контейнерлер қатары өртке оранып, жалын екінші қабатқа көшкен. Және базардың шатырын шарпи бастаған.

«Оқиға орнында өртті сөндіру бойынша штаб құрылды. Өртті сөндіру үшін мамандар екіге бөлініп,оларға  жеке-жеке міндеттер  жүктелді. Кейін өртке оранған азық түлік сақталған 7 контейнер екені анықталды. Өрт сөндіру кезінде 5 газ баллоны өрт аумағынан шығарылды. Өрт сөндірушілер намазхана бөлмесі мен қойманы қызыл жалыннан сақтап қалды. Өрт сағат 05:40-та ауыздықталып, 6:12-де толық сөндірілді. Жалын 900 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру жұмысына 97 адам, 27 техника жұмылдырылған», - деді Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар