Барымташы құны 7 мың доллар асыл тұқымды жылқыны атып алған - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да жайылымдағы асыл тұқымды жылқыны атқан қаскөй ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері «Мал ұрлығы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында облыс орталығының маңында қараусыз жайылып жүрген малды ұрлаумен айналысқан 40 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын ұстады. Ұрлыққа барғанда ол атыс қаруын қолданған. Ағымдағы жылдың 20 қарашаға қараған түні өзінің Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен полициядан жасырынбақ болған қаскөй қолға түсті. Ұстау орнына жақын жерде жедел-тергеу тобы шаруа қожалықтарының бірінің иесіне тиесілі құны жеті мың АҚШ доллары болатын асыл тұқымды жылқының жартылай сойылған етін тапты. Көліктің салонында тәртіп сақшылары көптеген оқ-дәрілері бар 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты және оның заңсыз қызметінің басқа да дәлелдерін тәркіледі.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды және ол кінәлі деп танылған жағдайда оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Соңғы жаңалықтар