Баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекеті – Президент әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтты

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру маңызды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміздің алдында өңірлік цифрлық хаб мәртебесін нығайту бойынша стратегиялық міндет тұр. Осы бағытта табысты болу үшін «цифрлық номадтардың» серпінді идеялары мен шығармашылық энергиясын пайдалану қажет. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру да маңызды. Ол экономикалық күйзелістерге және адамдардың қажеттіліктерінің өзгеруіне жедел жауап беруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әлеуметтік қорғаудың ең жақсы шарасы – жаңа жұмыс орындарын құру, қайта оқыту және бизнес бастамаларды қолдау арқылы халықты жұмыспен қамту екенін жеткізді.

«Бұл ретте азаматтарды тиісті әлеуметтік кепілдіксіз қалдыратын көлеңкелі жұмыспен қамтудың төмендеуі түйінді мәнге ие. Белгіленген тәсілдер әлеуметтік әділеттікті нығайтуға, баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекетін құруға жәрдемдеседі», - дейді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар