Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Барша қазақ мақтаныш ететіндей тағы бір қаланың салынып жатқаны қуантады – Бекарыс Шойбеков

2019 жылғы 17 шілде 13:03 530
Бөлісіңіз:
Барша қазақ мақтаныш ететіндей тағы бір қаланың салынып жатқаны қуантады – Бекарыс Шойбеков

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізге танымал айтыскер Бекарыс Шойбеков киелі шаһардың облыс орталығына айналып, көркейіп жатқанына қуанатынын жасырмады. Ақынның айтуынша, қазақ елі мақтаныш ететіндей тағы бір қала салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ермек Маржықпаев: Өмір сүру сапасын арттыру – басты міндет Президент қоғам түйткілдеріне дер кезінде жауап берді – сарапшы

«Түркістан - Қазақ мемлекеті тарихының тірі куәсіне айналып отырған қала екені белгілі. Сондықтан да Елбасымыз былтыр Түркістанды облыс орталығы етіп жариялап, жаңа облыс құрылды. Содан бері жаңа нысандар салынып, құрылыс жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр. «Түркістан - жаңа қала» деген арнайы жоба жасалып, онда жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр. Мұның барлығы көңілімізге қуаныш ұялатады. Бұл тек елімізді көркейтіп қана қоймайды, сондай-ақ Түркістандағы ЮНЕСКО-ның Әзірет Сұлтан кесенесі сияқты жауһарларымызды әлемге танытуға зор мүмкіндік дер едім»,- дейді ақын Бекарыс Шойбеков.

Айтыскердің сөзінше, күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан ең көрікті қалалардың біріне айналады» деген сөзі түркістандық жұртшылыққа қанат бітірген. Президенттің тарихи қалаға ерекше көңіл бөліп, ондағы барлық жұмыстарды өз бақылауына алуы көңіл қуантады.

«Түркістанда жолдар жөнделіп, арықтар тазалануда. Қаланың кіреберіс қақпасы жаңартылып, көгалдандырылып жатыр. Мұның барлығы бізге, түркістандық тұрғындарға үміт пен шабыт сыйлайды. Бәріміз де жаңадан салынып жатқан қаладағы жұмыстардың тезірек аяқталып, шаһардың жасарып-жаңғырғанын ыждаһаттылықпен күтудеміз. Жаңа өзгерген қаланы көруге асықпыз. Бұйыртса қазақ елі мақтаныш ететіндей тағы бір қала пайда болады»,- дейді айтыскер ақын.

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан еліміздегі ең көрікті қаланың біріне айналатынын айтқан болатын.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT