«Барселонаға» жаңа бапкер келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике маусым аяқталғаннан кейін каталондық клубтан кететінін мәлімдеді. 46 жастағы маман футболдан аздап демалатынын атап өтті, деп хабарлайды  ресейлік «Спорт Экспресс » сайты.

- Мен «Барселонадан» осы маусым аяқталған соң кетемін, - деп жазады клубтың Туиттердегі ресми парақшасы Луис Энрикенің сөзін келтіре отырып. - Соңғы үш жыл бойы клубтың маған сенім артқаны үшін алғыс айтамын.

Испандық маман «Барселонаны» 2014 жылдан жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен клуб 8 титулды жеңіп алды: Чемпиондар лигасы (2014/15), Испания біріншілігі (2014/15, 2015/16), Испания Кубогы (2014/15, 2015/16), Испания суперкубогы (2016), УЕФА суперкубогы (2015), Әлемнің клубтық чемпионаты (2015).

Соңғы жаңалықтар