+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Барселонада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

2018 жылғы 27 қараша 23:23
Бөлісіңіз:
Барселонада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Барселонада Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Барселонада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «IBTM World» 2018 көрмесінің аясында кезекті роуд-шоу (workshop) өткізді.

Бұл іс-шара аясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм саласындағы әлеуеті көрсетілді. Оған бұл салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар, сондай-ақ 50-ден астам халықаралық hosted buyers қатысты.

Көрменің бірінші жұмыс күні ITBM территориясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм бағыттарының әлеуеті таныстырылды. Презентациядан кейін B2B сессиясы желілік форматта өтті, онда ұйымдастырушылар мен отандық компаниялар елдегі MICE туризмінің ерекшеліктері, қазақстандық туристік өнім туралы айтып, алдағы оқиғалар мен басқа да деректер туралы ақпарат алмасты.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстанды MICE туризмнің дестинациясы ретінде ілгерілету. Осыған байланысты роуд-шоу аясында потенциалды «сатушылар» мен «сатып алушылар» кездесетін платформа құрылды. «Сатушылар» ретінде іскерлік және туристік туризм саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар болса, ал «сатып алушылар» ретінде ивент-агенттіктер және шетелдік туроператорлар болды.

Роуд-шоудың қорытындысы бойынша елімізде өткізілетін халықаралық іс-шаралар санының артуы күтіліп отыр, соның салдарынан Қазақстанға бизнес-туристер ағыны да артады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT