Барселонада ереуілге байланысты 92 рейс кейінге шегерілді

None
None
БАРСЕЛОНА. ҚазАқпарат – Испаниялық Vueling Airlines 32 рейсі тоқтатылатын хабарлады, өйткені Iberia әуе компаниясының жердегі қызметіндегі жұмысшылар ереуілге шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат El País газетіне сілтеме жасап.

Iberia-ның жердегі қызметкерлері бірнеше сағат бұрын ереуіл өтпейді дегенімен, жұма мен сенбі күндерге жоспарланған Барселонаның халықаралық әуежайындағы ереуілді өткізуден бас тартпайтынын мәлім етті.

Жоспарланған ереуілдің болатыны расталған соң Vueling 92 рейстің (жұма-54 және сенбі – 38) ұшырылмайтынын хабарлады. Салдарынан 14 мың адам баратын жеріне жете алмай қалмақ.

Әуел баста жұмысшылар ереуілді тоқтатып, бақылау жөніндегі комиссия құрып, келіссөздер кестесін жасасуға келіскен. Алайда Iberia компаниясы келісімге қол қоюдан бас тартты, ал ереуіл комитеті комиссия құруға қарсы шықты.

Айта кетерлігі, Барселонаның халықаралық «Эль Прат» әуежайы Каталониядағы ең ірі әуежай, сондай-ақ, Испаниядағы жолаушылар тасымалы жөнінде екінші орында тұр.


Аударған Алмас Жексенбеков



Соңғы жаңалықтар