Барселонада бүкіл қала бойынша тегін Wi-Fi қызметі енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонада бара-бара бүкіл қала бойынша тегін Wi-Fi қызметі енгізілмекші, деп жазады Росбалт.

Жақын арада аталған қызмет түрі 12 000 мейрамханада, метро стансаларында, қалалық автобустарда, саябақтар, базарлар мен кемежайларда қолжетімді болады.

Қаланың мэрі Хавьер Триас Барселонаның әлемдегі ең үлкен wi-fi желісі бар қалаға айналатынын атап өтіп, аталған бастаманың мекемелердің бәсекеге қабілеттілігінің артуына септігін тигізіп, клиенттерінің көңілінен шығатынына сенімін білдірді.

Билік қазіргі уақытта wi-fi жылу немесе салқындатқыш секілді аса қажетті құралға айналған. Сондықтан қала әкімшілігі қоғамдық көліктерде, қалалық саябақтарда wi-fi қызметін орнату үшін 3,6 млн. еуро бөлуді қарастыруда.

2016 жылы 1130 автобус пен метроның 16 стансасы wi-fi қызметіне қол жеткізеді. Көп ұзамай оларға Барселона кемежайының 11 айлағы мен 21 қалалық базар қосылады.

Жалпы алғанда wi-fi-дың қазіргі қызмет етіп тұрған 664 нүктесіне тағы 1527-сі қосылады.

Қазіргі уақытта Барселонада тегін wi-fi қызметін пайдаланып отырғандардың саны айына 100 мың адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар