«Барселона»-«Реал» екі алпауыттың матчы каталониялықтардың пайдасына аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» Испания чемпионатының 33-інші турында «Реалға» қарсы матчта жеңіске жетті.

Осы кездесуден кейін командалар ұпай сандарын теңестірді.

23 сәуір күні кешке Мадридте өткен матч «Барселона» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

29 жастағы Месси мадридтік «Реалдың» қақпасына екі гол салып, командасын жеңіске жеткізді. Бұл матчтан кейін «Барселона» чемпионат аясында өткізген 33 ойында барлығы 75 ұпай жинап, турнирлік кестеде «Реалды» басып озды. Мадридтіктерде запаста тағы бір матч бар, олардың жинаған ұпай сандары да - 75. Алайда  «Реал» қосымша көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр.

ТАСС агенттігінің жазуынша, аталмыш кездесуде Месси «Барселона» үшін ойнаған барлық турнирлердегі 500-інші голын соқты. Испания чемпионатында аргентиналық футболшы «Барселона» үшін 343 гол (377 матчта), Испания кубогында - 43 (61), еурокубоктарда - 94 (115) және өзге турнирлерде 20 (24) гол соқты.

Месси 13 жасында «Барселонаның» жастар командасына ойнай бастады. Клубтың негізгі құрамына 2004 жылдың 16 қазанында қосылды.

Соңғы жаңалықтар