Барселона орталығында көлікпен жүруге тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Барселона орталығында автокөліктер қозғалысына тыйым салынды, сонымен қатар қала орталығында қоғамдық көліктің жылдамдығы 10 м/с аспау керек, деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Қала орталығында қозғалыс мүлдем жоқ. Бұрынғы автотұрақ орындары ойын алаңдарына айналып, ағаш отырғызылып, жүгіру жолдары пайда болды. Қала орталығында ауаның ластануынан жүздеген адамның өмірін қорғак мақсатында арнайы жоба іске асырыла бастады. Болашақта бұл жоба басқа қалаларда да жүзеге асырылмақ», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, қала орталығында автокөлік қозғалысына мүлдем тыйым салынған, ал қоғамдық көліктің жылдамдығы сағатына 10 км жылдамдықтан аспауы тиіс. Ал арнайы автотұрақтар жер астына көшірілген.

«Кейбір тұрғындар бұл жобаға қарсы шықты. Олар көліктерін үйінің жанына қойғысы келетінін айтуда. Сонымен қатар көлік қозғалысының азаюы сауда-саттыққа да кері әсер ететінін айтушылар бар. Дегенмен, бұл идея Сиэтл сияқты қалаларда сұранысқа ие болды», деді ол.

Барселона мэрінің орынбасары Джанет Санцтың айтуынша, бүкіл қала бойынша қоғамдық орындардың 60 пайызын автокөліктер алып тұр.

Бұл жоба Бордо, Эдинбург, Флоренция, Манчестерде де іске қосылған.

«Біздің ойымызша, технологиялар азаматтарға қалалардағы өмір сапасын жақсарту үшін қызмет етуі тиіс, ал қазір керісінше кедергі келтіріп, зиян тигізуде», дейді цифрлық инновация комиссары Майкл Дональдсон.



Соңғы жаңалықтар