Барлық жүргізушілер көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыруы керек- ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық өңірлерінің жүргізушілері көліктерінің дөңгелектерін қысқыға ауыстыруы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина айтты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қыз мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары) көлік құралдарын үш құзды тау шыңы және ішкі жағында қар қылауы түріндегі белгімен, сонымен қатар  «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбаланған қысқы дөңгелексіз пайдаланға тыйым салынады. Мұндай норма еліміздің барлық өңірлеріне бірдей қолданылады», - деді Ирина Лукьянина.

Айта кетерлігі, қысқы мезгілде көлік дөңгелегіне қойылатын мұндай талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде де жазылған және Кеден одағына мүше елдердің барлығының аумағында қолданылады.

Соңғы жаңалықтар