+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Барлық тұрғындарды вакцина салдыруға шақырамын - Ақтоты Әлназарова

2021 жылғы 8 сәуір 02:25
Бөлісіңіз:
Барлық тұрғындарды вакцина салдыруға шақырамын - Ақтоты Әлназарова

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус індетіне қарсы вакцина салдырған тұрғындар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр - эпидемиолог-дәрігер Қарағанды Медуниверситетінде вакцинация орталығы ашылды Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді

Қазір облыс бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 4223 адамға жетті. Оның 3 пайызы сырттан тасымалданған болса, 56 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған.

Ал 41 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырған.

Өткен тәулікте 25 адамның қатерлі індеттің құрығына ілікті.

Қызылорда облысында ақпан айынан бері 7 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Солардың қатарында облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ақтоты Әлназарова да бар.

«Бүгінде күн өткен сайын коронавирус індетінің тырнағына іліккен науқастардың саны артуда. Қатерлі дерт адам денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіріп тұр. Осыған орай мен барлығыңызды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын. Өзім коронавирус індетіне қарсы «Спутник-V» вакцинасын салдырдым. Сіздерді де екпе салдыруға шақырамын. Мамандар кеңесіне құлақ асайық! Бетперде тағып жүруді ұмытпайық. Той-томалақтан бас тартайық», - деді Ақтоты Әлназарова.

Өңірде вакцинация №1, 3, 4, 5, 6 қалалық емханада, барлық ауданда және Байқоңыр қаласында жүргізілуде.

Бұл мақсатта алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 14 егу кабинеті дайындалған.

Барлық екпе талапқа сай, температуралық режимді қадағалайтын арнайы машинамен халық санына байланысты екпе егу орындарына жеткізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT