+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейтіледі

2019 жылғы 16 тамыз 12:32
Бөлісіңіз:
Барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз конференциясы барысында «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды ынталандырудың жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO сыйлығын иеленді Әбіш Кекілбайұлы қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді - Президент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

«Педагогтардың мәртебесін шынайы көтеруді қамтамсыз ету маңызды. Қазір айтып жатқанымыздың барлығы мұғалімдерге байланысты. Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардың жоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек. Педагог мәртебесі туралы заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл ұстаз жүктемесін қысқарту, ар-абыройының сақталуына кепіл беру, материалдық ынталандыру... Соның ішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, магистрлік деңгей үшін қосымша төлем және өзге де ынталандыру шаралары бар», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT