Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Барлық өңірдегі референдум учаскелерінде дауыс беру басталды

2022 жылғы 5 маусым 08:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 9 947 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

Сондай-ақ 15 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақытымен дауыс беруге кірісті.

Осылайша, қазіргі таңда дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр», - деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, сағат 10-нан бастап Орталық референдум комиссиясының мүшелері әр екі сағат сайын брифинг өткізетін болады.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары