Барлық қазақстандық тең құқылы – ҚХА

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің құқығы теңдей. Бұл жайында Қазақстан халқы Ассамблеясы тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мемлекеттік тілді білуге қатысты өте кінәмшіл сұрақты қозғады. Олар бұл мәселе көпұлтты республика тұрғындары арасындағы алауыздық тудырмауы тиіс деген ортақ пайымға келді.

«Орыс халқының өкілі ретінде екі халықтың, қазақ пен орыстың тағдыры тарихи тұрғыда баяғыдан-ақ өрілгендігін айта аламын. Ондаған жылдар бойы біздің тағдырымыз, өміріміз, мәдениетіміз бір-бірімен бірігіп кетті. Сондықтан Қазақстанда орыстар нашар тұрады немесе олар қысым көріп жатыр деу – бұл дәлелденбеген, даурықпа сөз», - деді Наталья Деменьтева.

Айта кетейік, іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Ата заңның нормаларымен бекітілген теңдік, бірлік, заң үстемдігі қағидаттары туралы мәселелерді қозғады. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы елдегі этносаралық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етусаласындағы маңызды жетістіктері талқыланды.


Соңғы жаңалықтар