Барлық ішкі ағзаларының орны ауысып кеткен әйел көз жұмды - CNN

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Барлық ішкі ағзаларының орны ауысып кеткен әйел 99 жасында көз жұмды. Бір қызығы ол өзінің ағзасындағы осындай ерекшелік туралы мүлдем білмеген болып шықты, деп жазады CNN.

«Наурыз айында бір топ медицина оқу орнының студенттері анатомия пәнінде мәйітханаға барып, 2018 жылдың соңында көз жұмған 99 жастағы әйелдің дене мүшелері бойынша торияны практика жүзінде бекітпек болған. Сол кезде олар профессормен бірге бұл әйелдің барлық ішкі ағзаларының орны ауысқанын байқайды. Профессордың айтуынша, мұндай жағдай 50 миллион адамның арасында біреуінде ғана кездеседі», деп жазады басылым.

Тексере келе, әйелдің денесінде оң жақта болу керек ішкі ағзаларының барлығы сол жағында, сол жақта тұру керектері оң жақта болып шыққан.

«Жүректің оң жақта болу аномалиясы жүктіліктің 30-45 күнінде пайда болады және оның себебі әлі белгісіз. Бұл 22 000 баланың біреуінде кездеседі. Олардың тек 5-13%-ы бес жастан асады. Тарихта 13 және 73-жасқа дейін өмір сүрген екі адам белгілі. Бір қызығы, осындай аномалияға қарамастан Бентли атты әйелдің денсаулығы жақсы болған», деп жазылған мақалада.

Соңғы жаңалықтар