Барлық халықтың мәдениетін түйсініп, құрметтегенде ғана бақытты боламыз - Президент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды көпұлтты отанды мақтан тұтуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлтаралық қарым-қатынас әрқашан нәзік материя болып келеді. Мұнда нақты маңыз беріп, ештеңені жіберіп алмау керек. Әрине, әр ұлттың, халықтың ұлттық мақтанышы, ұлттық көңіл-күйі бар. Бұның жіп-жіңішке мембранадан, ұлтшылдықтың шеңберінен өтпегені маңызды. Ол мүлде басқа мәселе. Біз, қазақстандықтар, халқымыз бен елімізді мақтан тұтамыз, бірақ біз басқа да халықтардың мәдениетін, дінін, дәстүрлерін де құрметтейміз. Міне, осынау әртүрліліктің ішінде өсімнің керемет нүктесі бар. Олай өмір сүру де қызықты. Егер кенеттен барлық нәрсе бірдей болып кетсе, кез-келген жерге барудың қажеті болмаса бұл әлемде өмір сүрудің өзі қызықты болмас еді. Сондықтан біз барлығын да құрметтеп, осы мәдениеттерді түйсінгенде ғана бақытты боламыз », - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның 40 бөлімшесі мен орталығы қазірдің өзінде жетекші университеттерде жұмыс істейтінін атап өтті.

«Өткен жылы ҚХА құрылымдары ондаған кітаптар мен жүздеген мақалаларды жарыққа шығарды. Бұл жұмысты жүйелі түрде үйлестіру керек. Оларды құрып қана қоймай, адамдар біз қалай жұмыс істеп жатқанымызды білетіндей іске асыру керекпіз. ҚХА-ға мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2018-2020 жылдарға арналған ұлтаралық, әлеуметтік-демографиялық саладағы ғылыми жұмыстардың жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Осы міндеттердің жүзеге асырылуы ҚХА жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар