Барлық елдімекенде фельдшерлік-акушерлік пунктілер ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлерде көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұл үш жыл мерзімде ауылда тиімді денсаулық сақтауды қалыптастыруға көмектеседі», - деді Президент.

Сонымен бірге, Президент барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар