Барлық Экономикалық тергеулер департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Экономикалық тергеулер департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшылардың кандидатуралары ҚР Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия және ҚР Премьер-Министрімен келісілді.

Жанболат Өмірсерікұлы Қожабаев Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура, қаржы полициясы органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 17 жыл, оның ішінде 10 жылы басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бар.

Дәулет Ертайұлы Ақылбеков Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ішкі істер органдары, қаржы полициясы және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 19 жылды құрайды, оның ішінде 11 жыл басшылық лауазымдарында.

Темірлан Төлегенұлы Шонаев Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Қаржы полицисы органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 18 жыл жұмыс өтілі бар, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Айбек Шампанұлы Тұрышов Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура, қаржы полицисы органдары мен экономикалық тергеу қызметіндегі жұмыс өтілі 14 жылдан астам, оның ішінде 5 жыл басшылық лауазымдардағы уақытты құрайды.

Бекзат Нұрсұлтанұлы Үсенов Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын кеден органдарынан бастаған, экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылды құрайды, оның 16 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Қайрат Жакиянұлы Бижанов Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындарындағы жалпы жұмыс өтілі, яғни қаржы полициясы, прокуратура органдарында 21 жылдан астам уақытты құрайды, оның 16 жылы басшылық лауазымдарында.

Саян Жанатұлы Жұмағұлов Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылдан астам уақытты құрайды, оның 6 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Еркебұлан Мәделханұлы Байғожин Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 22 жылдан астам уақытты құрайды, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Данияр Мейрамұлы Ақжанов Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Кеден органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 19 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Қайрат Бабирович Сейтқазинов Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 25 жыл жұмыс өтілі бар, оның 18 жылы басшылық лауазымдарда.

Рашид Темірбекұлы Темірбеков Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Еңбек жолын прокуратура органдарынан бастаған, экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 19 жылдан астам уақытты құрайды, оның 13 жылы басшылық лауазымдарда.

Данияр Дуппайұлы Әлиев Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылды құрайды, оның 5 жылы құқық қорғау қызметіндегі басшылық лауазымдарында.

Рүстем Ғалымжанұлы Рақышев Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы мен экономикалық тергеу қызметінде 19 жылдан астам уақыттың жұмыс өтілі бар, оның 15 жылы басшылық лауазымдарында.

Саят Махметұлы Сауқомбеков Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ішкі істер, прокуратура органдары, қаржы полициясы мен экономикалық тергеу қызметінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс өтілі бар, оның 14 жылы басшылық лауазымдарда.

Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Еңбек жолын қаржы полициясы, салық органдары және экономикалық тергеу қызметінде өткерген. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылды құрайды, оның 5 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Талғат Турғаутұлы Таңатаров Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы және экономикалық тергеу қызметінде 22 жылдан астам уақыт жұмыс өтілі бар, оның 22 жылы басшылық лауазымдарында.

Экономикалық тергеу департаменттері ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық бөлімшелері болып табылады және экономикалық және қаржылық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту, жолын кесу және тергеу функцияларын жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар