Барлық діндер бір-бірін құрметтейтін уақыт жетті - Үндістан өкілі

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда өтіп жатқан съезд аясында діни төзімділікке байланысты іс-қимылдар жоспарын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі аясында өтіп жатқан секциялық отырыстың барысында Үндістанның индиология және дінаралық диалогты зерттеу жөніндегі институтының төрағасы Шантилал Карамши Сомайя мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Барлық діндер бір-бірін құрметтейтін уақыт жетті. Бұл мәселе бойынша баршамыз белсенді әрекеттер қабылдайтын шақ келді», - деді ол.

Экстремистер дінді жаулап алып, өздерінің мақсаттарына пайдалану қаупі бар екеніне тоқталған ол, «осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары мен діни қауымдастықтың мүшелері экстремистерге парасаттылықпен қарсы тұруы тиіс. Осы орайда айтарым, төзімділікті дамыту бойынша әлем жаңа шараларға, идеяларға  зеректік танытуы қажет», - деді.

«Өкінішке орай, жаңа өскелең ұрпақты төзімсіздік пен басқа мәдениеттер мен діндердің өкілдерімен күресу идеяларына тәрбиелеуге тырысып жүрген ұйымдар бар. Сондықтан бұл мәселе қайта-қайта туындап отыр. Біз барлығымыз бір ғаламшарда өмір сүріп, оны өзара бөлісіп отырмыз. Дегенмен де қайшылықтар ұдайы пайда болып отыр. Меніңше, жастарды төзімділікке тәрбиелеу үшін қазіргі уақытта әлем діни ұйымдар қызметінің ықпалдастығы қажет. Атап айтқанда жастар басқа діндердің діни фестивальдеріне қатысып, олар әлемнің әралуанды екенін және өзіндік алуандығында өте ерекшеленетінін түсіну үшін жастармен алмасуымыз керек»,- деді Шантилал Карамши Сомайя.

Соңғы жаңалықтар