Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын аяғына тік тұрғызуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялауда.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.

Соңғы жаңалықтар