Барлық бастауыш сынып оқушылары  мектепке барып оқиды - ДСМ
2022 жылғы 21 қаңтар 18:45

Барлық бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы бойынша, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері мен ҚР Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындауға міндеттелген:

1) мектепке дейінгі ұйымдар коронавирус матрицасы бойынша қандай түстегі аймақта болғанына қарамастан, ата-аналар өтініш бідлірсе, штаттық форматта жұмыс істей алады;

2) «қызыл» аймақтағы:

- жалпы білім беру мектептерінде 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта оқиды;

- 600 оқушыға дейінгі мектептер штаттық форматта;

- оқушы саны 600 оқушыдан көп мектептер жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта білім береді;

3) мектептен тыс ұйымдар «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта да штаттық форматта жұмыс істейді;

4) «Қызыл» аймақтағы жоғары оқу орындарын мен колледждерде практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, ал дәріс онлайн форматта өтеді.

«Білім беру ұйымдарының әкімшісі вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол бере алады», - делінгген құжатта.

Қаулының толқы мәтінін мына жерден көруге болады.


Jańalyqtar

MURAǴAT