Барлық астаналықтар ағылшын тілін тегін оқи алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Ғашықтар саябағында дүйсенбіден бастап сенбіге дейін «Тілдер саябағында» тегін тіл курсы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Есіл» ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілін үйренгісі келген адамдардың тобы жасақталады. Тіл үйренгісі келгендер мына сілтеме арқылы өтіп тіркелуі қажет.

Қазірдің өзінде Beginner және Elementary деңгейлері бойынша өтетін сабақтардың кестесі бар. Оқу құралдары тегін беріледі.

Сабақ кестесі төмендегідей:

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері: сағат 9:30-11:00-де - 14-18 жастағы жасөспірімдер; сағат 11:00-12:30-да - 14 жасқа дейінгі балалар; 18:30-20:00-да - жас 18-ден асқан ересектер.

Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері: (жаңа топтар): сағат  9:30-11:00-де - 14 жасқа дейінгі балалар; 11:00-12:30-да - 14-18 жастағы жасөспірімдер; 18:30-20:00-де - жасы 18-ден асқан ересектер.

«Жоба аяқталғаннан кейін қатысушы сынақ тапсырған жағдайда курстан өткендігі туралы сертификат алады. Бүгін, 18 тамызда бағдарлама бойынша караоке болады. Басталуы - 18-00», - делінген «Есіл» ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар