«Барлығына қарсымын» бағанын енгізу үлкен жетістік деп санаймын – қырғызстандық байқаушы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қырғызстан СІМ жанындағы Дипломатиялық академияның Халықаралық қатынастар және құқық кафедрасы профессорының міндетін атқарушы Ирина Оролбаева өзі байқаған сайлаудың ерекшеліктерін атады. Оның айтуынша, сайлаушылар жоғары дайындықпен келіп, сайлау комиссиясы өкілдеріне сирек жүгініп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бірнеше сайлау учаскесін араладық. Әуелі Достық үйінде орналасқан учаскеге бардық. Онда прцес өте ашық өтіп жатыр. Дегенмен бұл сайлау учаскесіне келушілердің қатары аз. Бұған қарамастан мен жаңашылдықтың көп екенін атап өткім келеді. Адамдар дауыс беруге дайынындалып келген. Олар осы жолғы сайлау өзгеше екенін біледі. Өйткені, 4 бюллетень бар. Дауыс берушілер сайлау комиссиясы өкілдеріне түрлі мәселелермен сирек жүгініп жатыр. Бұл жолы көптеген жаңа өзгеріс бар. Мәселен, «Барлығына қарсы» деген бағанның бюллетеньге енгізілуі - үлкен жетістік деп санаймын», - дейді халықаралық байқаушы Ирина Оролбаева.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар