Барлығы ядролық отынды бізден алады - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық БАҚ өкілдеріне сұxбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда МАГАТЭ-ның ядролық отын банкін құрудың себебін тағы бір мәрте түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, ядролық электр станцияларына қажетті отынды өндіру үшін уранды 20 пайызға байытқан жеткілікті. Одан артық болып кетсе, ядролық қаруға айналады. Бүгінде ядролық энергия мен қару үшін уранды байытудың теxнологиясы бір болғандықтан, әлемдік державалар бір-біріне сенбейді, уранды байыту теxнологиясын барынша бақылауға тырысады. Ондай проблеманы Иранның ядролық бағдарламасы да айқын көрсетті. Ал Қазақстандағы ядролық отын банкінен кез келген мемлекет ядролық станцияға қажетті шикізатты ала алады. "Сондықтан ядролық отын банкін ашу арқылы әлем қауымдастығы бізге сенім білдіріп отыр. Ондай қызметті кез келген мемлекетке беріп жатқан жоқ. Себебі бәрін бірдей бақылай алмайсың. Уранды байытудың теxнологиясын бәрі біледі. Ядролық бомбаны жасап шығаруы әбден мүмкін. Ал отын банкі бір жерде болса, ядролық қауіпсіздік те, тыныштық та болады", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, өз сұxбатында Мемлекет басшысы бюджет ақшасы банктерге не үшін беріліп жатқанын да түсіндірді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы БТА банкін еске алды.  Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді.  Президенттің ойынша, үлкен қалаларда электромобильдерді көптеп жүргізу керек .  Сондай-ақ, сұxбат кезінде Мемлекет басшысы "Астана" қаржы орталығының пайдасын қарапайым тілде түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар