«Бәріне қарсымын» бағаны әкімдер сайлауында азаматтардың балама ұстанымын білдіруіне жол ашты – Ерлан Қарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин 25 шілдедегі әкімдер сайлауында қолданылған дауыс беру бюллетеріне «Бәріне қарсымын» бағанын енгізудің алғашқы нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл әкімдерінің өткен тікелей сайлауында алғаш рет сайлаушыларға «Бәріне қарсы» дауыс беру мүмкіндігін беретін норма іске қосылды. Мемлекет басшысы мұндай норманы сайлау заңнамасына енгізу қажеттігі туралы биыл қаңтар айында Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылымның бірінші сессиясында мәлімдеген болатын», - деп еске салды ол Telegram каналында.

Мемлекет басшысы көмекшісінің айтуынша, «Бәріне қарсымын» бағаны сайлаушылар пікірінің барлық спектрін ескеруге мүмкіндік берген.

«Бұл баған азаматтардың балама ұстанымын заңды түрде білдіру құқығын кеңейтеді. Мысалы, БАҚ-та хабарланғандай, Қарағанды облысы бойынша «Бәріне қарсымын» бағаны Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде ең көп белгіленген (116). Бұл дауыс бергендердің 7%-ы. Ал бүкіл Маңғыстау облысында бұл құқықты тек 279 адам пайдаланған», - деп жазады Еран Қарин.

Президент көмекшісі осылайша, әкімдер сайлауы Президент жүргізіп отырған саяси реформалардың тиімділігін көрсетіп, олардың барлық тармақтары практикада дәйекті түрде іске асырылып жатқанына көз жеткізгенін айтады.


Соңғы жаңалықтар