USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

«Бәріне бірдей мүмкіндік»: 33,5 мың балабақша орны пайда болды

2021 жылғы 24 қараша 17:22
Бөлісіңіз:
«Бәріне бірдей мүмкіндік»: 33,5 мың балабақша орны пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының арқасында елдегі 3-6 жас аралғындағы балалардың 99,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Кешегі өткен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады Мектептерде математика оқушыларды топқа бөліп оқытылмақ - министр Президент тапсырмасы: Өңірлерде мектептер салуға 20 млрд теңге бөлінеді

«Бағдарламаның «Бәріне бірдей мүмкіндіктер» атты бірінші бағыты аясында әрбір қазақстандықтың әлеуетін іске асыруды қамтамасыз ететін 43 іс-шара орындалды. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артты.

Балабақшаларда 33,5 мың жаңа орын ашылып, соның арқасында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,1% болды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің дерегі бойынша, сайлауалды бағдарламаның «Интеллектуалды, дені сау және үнемді ұлт» атты екінші бағыты аясында 15 іс-шара іске асқан.

«Аудандық ауруханаларға, оның ішінде перзентханаларға 1010 дана медициналық жабдық сатып алынды. Әр өңірде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті екі айлық резерві дайындалды», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT