Бәрін Президентке жаба салған жеңіл - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістердің маңыздылығын тағы бір мәрте ерекше атап өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, бір нәрсені бастағанда күдіктенесің, кез келген жағдайда күдік болады ғой. Дегенмен, күдік арқылы шешімге келесің, содан алға қарай жылжи бастайсың. Біз Конституцияны 1995 жылы қабылдадық. Содан бері 22 жыл өтті. Ол уақыт дәуірмен пара-пар. Себебі қазіргі заманда көп нәрсе жылдам өзгереді. Заңдар да, негізгі заңымыз - Конституция да қатып қалмауы қажет. Ол да уақыт талабына сай өзгеріп тұруы тиіс. Соңғы өзгертулер алғашқы түзетулер сияқты емес. Бұған дейін де біз Ата заңымызға бірқатар өзгерістерді енгізген едік. Дегенмен, соңғы түзетулердің орны бөлек», - деді Н.Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен болған кездесуде.

Президенттің айтуынша, билік тармақтарын өзара тарату аясында Президенттің 35 өкілеттілігі Парламент пен Үкіметке берілді. Соның арқасында екі органның рөлі де, жауапкершілігі де арта түсті.

«Әйтпесе, бәрін Президентке жаба салған жеңіл еді. Бірдеңе шықпай жатса да, «Президент айтты!» деп жүре береді. Сонда өздері ұсыныс жасамайды. Жеңілдің астымен жүргенге әбден үйреніп алды. Кеңестер кезінде де солай болды. Бірдеңе жетпей жатса, Мәскеуден сұрап аласың да, бүкіл жауапкершілікті орталыққа жүктей саласың. Біреу бірдеңе десе, Мәскеу жаққа сілтейсің. Сол себепті біз Конститутциямызға өзгеріс енгізіп, Үкіметтің өкілеттілігін кеңейттік. Әрине, оның құзіреті де, жауапкершілігі де артады. Парламент болса, заң шығарушы орган ретінде атқарушы билікті бақылауды күшейтеді. Меніңше, ол дұрыс шешім болды. Енді, оны уақыт көрсетеді», - деп атап көрсетті Елбасы.

Айта кетейік, өз сұxбатында Мемлекет басшысы бюджет ақшасын банктерге не үшін беріліп жатқанын да түсіндірді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы БТА банкін еске алды.

Бұдан бөлек, «ЭКСПО-ға жұмсалған ақша ақтала ма?» деген сұраққа жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтардыоралмандарға көмек беруге үндеді.

Соңғы жаңалықтар