Бәріміз жұдырықтай жұмылсақ, бұл дағдарысты еңсереміз - С.Әбдіғапарова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұжымы Мемлекет басшысының қазақ халқына Жолдауын ерекше ынтамен тыңдады.

Жолдау аяқталған соң студенттер мен ұстаздар, профессорлық-оқытушылық құрам бас құжатты өзара талқылауды бастады. Жолдауға қатысты өз пайымымен ҚазҰТУ Экономика және бизнес институтының директоры, экономика ғылымдарының және PhD докторы Сәуле Әбдіғапарова бөлісті. «Жыл сайын Жолдауды күтеміз. Әсіресе, қазіргідей күрделі жағдайда Мемлекет басшысының сөзін басты құжатты асыға күттік. Ертеңгі күнімізге деген сеніміміз артты. Елдің, халықтың жағдайын жақсарту үшін орындалуы тиіс жаңа міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы дағдарысты жеңетінімізге үлкен сенім білдірді. Сол үшін елде барлық жағдай жасалатынын жеткізді», - деді профессор. Сондай-ақ, Сәуле Әбдіғапарова қаржылық-экономикалық реформаларға қатысты ойын айтты. «Елбасы өз сөзінде халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тетіктері бар жаңа экономикалық саясатқа басымдық берді. Ол халықты ең алдымен табанды жұмыс жасауға шақырды. Адамның кәсібі, мамандығы болғаны өте үлкен маңызға ие. Техникалық мамандарды даярлауға қатысты айтқан ойлары қатты қуантты. 2017 жылдан бастап, қазақстандықтар тегін кәсіби-техникалық білім ала алады. Бізге білікті мамандар қажет. Халықты жұмыспен қамту мәселесіне де қатысы бар. Бәріміз жұдырықтай жұмылсақ, бұл дағдарысты еңсереміз деген ой туды», - деді С.Әбдіғапарова.

Соңғы жаңалықтар