+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Барак Обама Мысыр басшысын шұғыл түрде биліктен кетуге шақырды

2011 жылғы 2 ақпан 12:37
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Мысыр президенті Хосни Мубарактың 1 ақпан күнгі сөйлеген сөзіне түсініктеме берді. Associated Press агенттігіне сілтеме жасап РБК-ның хабарлауынша, АҚШ президенті Мысыр басшысына шұғыл түрде биліктен кету керектігін айтқан.

Сондай-ақ Обама Мубарактың отставкасын талап етуші Мысыр ереуілшілеріне де сөз арнап, олардың бейбіт наразылықтарын барлық дүние жүзіндегі адамдар естіп, бөлісетіндіктерін атап көрсеткен.

АҚШ президентінің айтуынша, Мысыр жүйесіндегі биліктің ауысуы айқын, бейбіт болып, әрі өте шұғыл басталуы қажет. Ол: "Мубарак шешім қабылдағандай, президент сайлауын 2011 жылдың қыркүйегінде емес, таяудағы уақытта өткізу керек", - деп ұсыныс жасады.

Сонымен қатар ол АҚШ Мысыр басшылығының ішкі істеріне араласпайтындығын да атап айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT