Барак Обама АҚШ мұсылмандарына қолдау көрсету үшін мешітке барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ Президенті Барак Обама қоғамда исламға қарсы шығудың күшеюі кезеңінде мұсылмандарға қолдау көрсету үшін Балтимордағы мешітке бармақ, деп хабарлайды Ақ үй.

Сапар кезінде Обама Балтимордағы Ислам қоғамының көшбасшыларымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін АҚШ президентін Республикалық партияның атынан үміткер болған Дональд Трамп мұсылмандардың АҚШ-қа кіруін толықтай тоқтатуға шақырды. Миллиардердің айтуынша, мұсылмандар Американы жек көреді және ұлтқа зиян тигізуі мүмкін, деп жазады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар