«Барахолканың» қызыл жолаққа шыққан жерлері мемлекетке қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық экономикалық соты «барахолканың» Солтүстік айналма жолындағы қызыл жолаққа шығып кеткен жерлерін мемлекетке қайтару туралы әкімдіктің арызын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гаухар Рахимжанова хабарлады.

Мәселе базар маңайындағы жекеменшік серіктестіктер жаулап алған территорияны мемлекет меншігіне қайтару жөнінде болып отыр. Қазір материалдар бойынша 2014 жылдың басынан бері шыққан 6 сот шешімі өзінің заңды күшіне енуде.

«Базар қызметі барысында ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Жерді пайдалану туралы» заңдарының бірқатар нормаларын бұзу дерегі анықталды. 6 айдың ішінде мұнда 5 ірі көлемдегі өрт орын алды. Қазір қалалық ТЖД 35 базардың жұмысын тоқтату туралы мәселені талқыға салды», - Алматы ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гаухар Рахимжанова.

Қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың айтуынша, 1 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы, 1 маусымнан бастап Алатау ауданындағы қызыл желіге шығып кеткен базарлар толық жойылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қазанында бақылау органдары қалалық ТЖД басшысы Б.Құтпановқа «барахолкада» ҚР бірқатар заңнамасының орындалуында кемшіліктер орын алғанын айтып арызданған болатын.

Прокуратура қызметкерлері базарлардың ішінде өрт кезінде адамдарды сыртқа көшіретін жедел каналдардың жоқтығын алға тартты.

Сондай-ақ олар қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондары қолданылып, тауарды сақтау, орналастыруда келеңсіздіктер орын алғанын әрі өрт қауіпсіздігі жүйесі дұрыс жолға қойылмағандығы анықтады.

Соңғы жаңалықтар