Барахолкадағы өрт: Тілсіз жау 3000 шаршы метр аумақты жалмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан барахолка жайма базарындағы өрттің аумағы алдын ала деректер бойынша 3000 шаршы метрді құрады. Мұнда тауарлар тиелген қоймалық үй-жайлар өртеніп жатыр.

«Қазір оқиға орнында өрт сөндіруге жеке құрамнан 110 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Бірақ адамдар саны көбейтіліп жатыр. Қазіргі сәтте тілсіз жауды оңтүстік және шығыс жағынан ауыздықтауға қол жеткізілді. Өрт туралы хабар 16 сағат 26 минутта келіп жетті. Өртке «үшінші» - жоғарылатылған қауіптілік деңгейі бекітілді. Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Алдын ала деректер бойынша өрттің аумағы 3000 шаршы метрді құрады», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін хабарланғанындай, Алматыда атышулы барахолка жайма базарындағы «Олжа» базары өртке оранды.

Сатушылар қауіп-қатерге қарамастан өз тауарларын сақтап қалуға күш салуда.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сағат 16:00-16:30 шамасында басталған.

«Олжа» базарының қоймалық үй-жайларындағы өртті сөндіруге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің авиациясы тартылды. Бірінші айналымда өрт ошағына 4 тонна су бүркілді. Қазір тікұшақ екінші қайтара су бүркуге кірісті. Бұл шара өрт сөндірілгенше жалғасатын болады», - деді Р. Иманқұлов. 



















Соңғы жаңалықтар