«Барахолкадағы» базарлар қайта жаңғыртылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданында 8 базар 2022 жылға дейін қайта жаңғыртудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл «Арлан» және «Қазына» базарларын қайта жаңғырту басталды. Бұл жұмыс 2020-2022 жылдары аяқталады. Салынған қаржы көлемі 3 млрд 20 млн теңгеге жетті. Жыл соңына дейін «Үшқоңыр» және «Азия» базарларын қайта жөндеуге 1 млрд теңге инвестиция жұмсалады. «Кенжехан-1,2», «Жібек жолы» және «Өжет» базарлары 2020 жылға таман қайта жаңғыртыла бастайды», - деді Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев.



Соңғы жаңалықтар