«Барахолкада» тағы екі контейнер өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Байсат» базарында халық тұтыну тауарлары сақталған екі контейнер өртеніп кетті.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт туралы хабарлама таңғы 11:17-де түскен. Төтенше жағдай 11:57-де ауыздықталып, 12:25-те сөндірілді.

Қызыл жалын 40 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 30 арнайы техника мен 30 адам жұмылдырылды.

Жапа шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Қазір өрттің неден шыққандығы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар