Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 367.06 EUR 416.17
RUB 5.56 CNY 52.84
Jańalyqtar

Бараев орталығында 3 мың гектарлық егістік полигоны құрылады

2018 жылғы 21 мамыр 17:30 958
Бөлісіңіз:
Бараев орталығында 3 мың гектарлық егістік полигоны құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы егіншілік технологияларын кең ауқымды көбейтіп, бидайдың үздік отандық сорттарының әлеуетін көрсету үшін 3 мың гектарлық арнайы полигон құрып жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында аталмыш орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кенже Абдуллаевтың ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін 2018-2020 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды бөлуде конкурс жүріп жатқанын айтты. Олардың бірі - А.Бараев атындағы АСҒӨО негізінде ауданы 3 мың гектар егіншілік полигонын құру болып табылады. Жобаның мақсаты - Ақмола облысында нақты егіншілікті дамыту бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру кезінде агроценозды басқару және мониторинг негізінде нақты егіншілік технологияларын бейімдеу болып табылады.

«Орталықтың өзінде өнімді екі есе арттыру жөнінде Елбасының тапсырмасы бойынша полигон құрылуда. Ол полигонның өзі 3 мың гектардан тұрады. Бұрынғы зерттеулер шағын ғана аумақта болса, бұл жолы талапқа байланысты нақтылы технология бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол нақты технологияның арқасында ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, шығынды азайту тұрысынан солтүстіктегі үш облысқа 15 млн гектар жерге жаңа технологиялар қолданылады. Айта кетерлігі, тың технологиялардың өзі бұрынғымен салыстырғанда өнімділікті арттырады», - деді Кенже Абдуллаев.

Жобаны орындау барысында нақты егіншілік полигонының негізінде зерттеулерді әзірлеу, нақты егіншілік технологияларын кең ауқымды көбейту, ауыл шаруашылық өндірісінің нақты егіншілік жүйесіне көшіру, ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық карталарын жетілдіру көзделген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT